Солтүстік аймақтарға су басу қаупі төніп тұр

Солтүстік аймақтарға су басу қаупі төніп тұр

Солтүстік аймақтарға су басу қаупі төніп тұр
ашық дереккөзі
Өз елімізде Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына қызыл су қауіп төндіріп тұр. Бұл жөнінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлімдеді. Синоптиктердің болжамын негізге алған ведомство басшысы оның алдын алу үшін барлық күш пен техниканы жұмылдыратынын алға тартты. Қазірдің өзінде осы екі өңірге құтқарушылар жеткізіліп, жергілікті тұрғындармен бірге жұмысты бастап кетті. Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі: - Өкінішке орай, қаза тапқандар бар. Бірер күн бұрын Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында «УАЗ» автокөлігі жолаушыларымен бірге суға кетіп, 3 адам опат болды. Ал қалған 11-і өздігінен қауіпсіз жерге шыққан. Одан кейін дәл осы ауданда 2 азамат атпен қызыл суды кешіп өтпек болып, көз жұмды. Қазір олардың денесі іздестіріліп жатыр. Министрдің айтуынша, бүгінге дейін Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы 10 елді мекен қызыл судың құрсауында қалды. Зардап шеккен үйлердің саны 30-дан асады. Бұған қоса табиғи апат 46 тасжол мен 3 теміржолдың кей бөліктерін бұзып өткен. Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі: - 33 үйге су кірген. 397 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Шұғыл қолға алынған шаралардың арқасында бірқатар баспана судан тазартылып, 361 тұрғын шаңырағына қайта оралды.