Ұлттық банк «JOSHY ULYSY. 800 JYL.» арнайы монеталарды сатылымға шығарды.
Онда мүсінші Ғазиз Ешкеновтің туындысы - Жошы хан ескерткіші бейнеленген. Екінші бетінде Алтын Орданың монеталарынан құралған коллаж бар.
- Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (777,5 г) — 100 дана
- Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (311 г) — 300 дана
- Алтын жалатылған 925/1000 сынамалы күміс (31,1 г) — 1000 дана
- Мельхиор (15 г) — 8 000 дана
Монеталарда Жошы хан ескерткіші бейнеленген. Келесі жағында Алтын Орданың монеталарынан құралған коллаж бар. Сатылым Ұлттық банктің сайтында жүргізілуде.