Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны көлігімен Ертіс өзеніндегі Бейбітшілік аралында суға түсіп кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол ауыл жолымен жүріп өтіп, өзен жайылмасына кіріп, суда қалған.
Құтқарушылар оқиға орнына келгенде су көліктің терезелеріне дейін жеткен. Ал жүргізушісі көліктің төбесіне шығып алған. Құтқарушылар алдымен ер адамды жағаға апарып, жылытып, содан кейін көлікті шығарып алды.
ТЖМ жүргізушілерге қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады! Өз өміріңізге және басқалардың өміріне қауіп төндірмеңіз!