Қызылорда облысында бақташылар жоғалып кеткен

16 сәуір, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Қызылорда облысында полицейлер жергілікті шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташыларын іздеп тапты, — деп хабарлайды turkystan.kz.

Жалағаш аудандық полиция бөліміне үш күн бұрын үш бақташының жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Олар Қаракеткен ауылынан жайылымдағы малды іздеп шыққан. Уақытылы оралмаған соң, отбасы мүшелері өз күштерімен іздеуге тырысқан. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінген.

Полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және ауыл тұрғындарынан арнайы топ құрылып, жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық елдімекені мен далалық жолдары тексерілді. Тоғыз сағатқа созылған іздеу жұмыстары сәтті аяқталды. Учаскелік полиция инспекторы Жалағаш ауданына қарасты кенттен 160 шақырым жердегі Шақ-Шақ атты далалық аймақтан жоғалған малшыларды аман-есен тапты.

Тэгтер:

Қызылорда бақташы