Шығыс Қазақстан облысындағы «Өскемен-Алтай» тасжолының учаскесін су шайып кетті.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тасжолдардың бірінде көлік қозғалысына тыйым салынды.
- «Өскемен-Алтай» тасжолының 56-шақырымында жол жамылғысын су шайып кетті. Осыған байланысты барлық көлік түрлері үшін қозғалыс уақытша тоқтатылды. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полицейлер жұмыс істеуде. Олар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті қадағалауда, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрады.