Белгілі журналист Руслан Өтепбай өзінің Instagram-дағы парақшасында блогер Ілияс Сариевке қатысты жаңа деректерді мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz
Оның айтуынша, блогер Ілияс Сариев бұрын да ауыр қылмыс жасағаны үшін істі болған.
”Соттың шешімімен Ілияс Сариев 2 айға қамауға алынды. Егер кінәсі заңмен дәленденсе бес жылдан жоғары мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал арызданушылардың саны мен шығындардың мөлшері көбейіп жатса, жазаның ауырлайтыны анық”,- деді журналист.
Оның ауыр қылмыс жасағаны белгілі болды.
«И. Сариев ауыр дәрежедегі қылмыс жасағаны үшін күдікті екені, қылмыстың сипаты, күдіктінің осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталғаны ескеріледі. Сонымен қатар, И. Сариев пробациялық бақылауда болған кезде қылмыс жасады деген күдікке ілінген”,- деп жазды ол.