Turkystan.kz логотипі

Қостанайда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады

15 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы
Қостанайда мектеп оқушысы өз-өзіне қол жұмсады
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде Қостанай қаласындағы мектеп оқушысының өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл оқиға жөніндегі деректі Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды», – делінген хабарламада.

«Наша газета» басылымының мәліметінше, өзіне қол салған оқушы «Озат» ақпараттық технологиялар бағытындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушысы болған.

Тэгтер:

оқушы Қостанай суицид озат