Батыс Қазақстан облысында 21 ауыл ішімдіктен бас тартты

15 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
ІІМ баспасөз қызметі

БҚО-да 21 ауыл ішімдіктен бас тартты, олардың 15-інде бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлады turkystan.kz.

Батыс Қазақстан облысында 21 ауылдық елді мекен спирттік ішімдіктерді тұтынудан және сатудан өз еркімен бас тартқан.

Ішімдіктен бас тартқан елді мекендер тізімінде мына ауылдар бар:

«Бұл деректер салауатты өмір салты мен қоғамдық тәртіптің тығыз байланысын айқын көрсетіп отыр. Масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 43 азамат мәжбүрлі түрде емдеу мекемелеріне жіберілді. ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда ішімдік ішу немесе мас күйде болу) 2049 хаттама толтырылды. Сондай-ақ, алкоголь өнімін тыйым салынған уақытта немесе 21 жасқа толмағандарға сатқан 66 дүкен иесі әкімшілік жауапқа тартылды», - деп жазылған хабарламада.

Тэгтер:

ішімдік Батыс Қазақстан облысы