Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан қоймалардың бірі алапат өртке оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылып, 4 жауынгерлік учаске жұмылдырылған.
Оқиға орнына жеке құрамның 87 адамы және 25 техника жетті. Сондай-ақ, ТЖМ өрт сөндіру автопоезы іске қосылды.
Өрт сөндірушілердің күшімен 1400 шаршы метр аумақ оқшауланды. Көрші қоймаларға өрттің таралуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер де жоқ.