Президент жарлығымен тележүргізуші Майя Бекбаева «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы тележүргізуші Instagram желісіндегі парақшасында мәлім етті.
«Еңбегіңді бағалаған әркез жақсы. Мемлекет басшысына алғыс білдіремін. Бұл марапат тек менікі емес, бүкіл команданың және бірінші кезекте жұбайым Әділ Нұртайдың марапаты. Жаным, қолдауыңа рақмет. Құттықтауларыңызды күтемін», - деп жазды Майя Бекбаева Instagram желісіндегі парақшасында.