Легионерлер бюджеттен қаржыландырылмайды: Президент заңға қол қойды

15 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Akorda

Заң мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген хабарламада.

Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

Тэгтер:

Заң Бюджет қаражат Легионер