Оқушы қыз әпкесін қорғаймын деп әкесіне пышақ сұққан

15 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Мәскеуде 15 жастағы оқушы қыз әпкесін қорғаймын деп, әкесін пышақтап тастаған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әкесі бұрын полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны, есірткі таратқаны үшін сотты болған. Несие-қарыздары да болған. Қайғылы жағдай болатын күні таңда ол 20 жастағы қызын үйінен шығармай, несие алуын талап еткен. Студент қызы несие алудан бас тартқан. Әкесі қызына шабуыл жасай бастаған. Бұған шыдамаған 15 жастағы екінші қызы ас үйдегі пышақты алып, әкесінің мойнына бірнеше рет сұғып алған. 41 жастағы әкесі алған жарақатынан көз жұмған. Қыздар ешқайда қашпаған. Жасөспірімді пәтерде ұстаған. Қыздардың анасы үйде болмаған, емханада кезекшілігінде болған.

Енді оқушы қыз адам өлтіргені үшін 15 жылға сотталуы мүмкін.

 

Тэгтер:

Оқушы қыз