Құрылыс компаниясын заңсыз тексерген қызметкерге айыппұл салынды

15 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қызылорда облысында мемлекеттік мекеменің қызметкеріне заңсыз тексеру жүргізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қызылорда облысы бойынша Бақылау басқармасының бас маманы тексеру туралы актісіз Қызылорда қаласында орналасқан құрылыс компаниясының қызметіне заңсыз тексеру жүргізген.

Тексеру нәтижесіде кәсіпкер Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 318-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Осылайша Бақылау басқармасының қызметкерінің заңсыз әрекеті кәсіпкердің құқықтарының бұзылуына әкеп соқтырған.

Облыс прокуратурасымен бас маманға қатысты ӘҚБтК-нің 175-бабы 1-бөлігінің 2) тармағымен әкімшілік іс қозғалып, соңғыға қатысты соттың қаулысымен 55 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Тэгтер:

Айыппұл