Жеңістің 80 жылдығы: Алматыдағы Панфиловшылар шыңында альпиниада өткізілмек

15 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
falp.kz

7 мамыр күні өтетін альпиниада барысында Панфловшы батырлар шыңы бағындырылады.  

Алматы қаласы Альпинизм федерациясының мәліметінше, адамдар қиындығы 1А санатындағы жолмен тауға жаппай көтеріледі.

Альпиниада маршруты: Медеу (1600 м) — Шымбұлақ (2200 м) — Тұйық-Су (2500 м) — Мыңжылқы (3000 м) — Мәншүк Мәметова мұздығы (3600 м) — Мәншүк Мәметова асуы (3850 м) — Панфиловшы батырлар шыңы (4120 м).

«Альпиниадаға 16 жастан жоғары барлық ниет білдірген адамдарды қатысуға шақырамыз. Орын саны шектеулі — 700 адам. Қатысушылар төсбелгі және сертификатпен Панфиловшы батырлар шыңында марапатталады. Барлық қатысушылар ауа-райына, таулы ортаға сәйкес жабдықталуы керек, шаңғы таяқшаларын пайдалану ұсынылады», — делінген хабарламада.

Тэгтер:

Алматы жеңістің 80 жылдығы Альпинизм Панфиловшы батырлар шыңы