Жуалыда ереже бұзған төрт көкпаршы сотталды

15 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Биылғы Наурыз мейрамы қарсаңында Бауыржан Момышұлы ауылындағы орталық көкпар алаңында жергілікті тұрғындар арасында жарыс өткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын барысында 4 көкпаршы әдеп ережелерін бұзып, қарсыластарына қорлайтын сөздер айтып, тәртіпке бағынбаған. Бұл көрермендердің қарсылығын тудырған.

Сот отырысында барлық құқық бұзушылар кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жанжал эмоционалдық шиеленіс аясында болғанын түсіндірді.

Жуалы аудандық соты оларды «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп тауып, әрқайсына 78 мың теңге айыппұл салды.

Тэгтер:

Айыппұл көкпар Жуалы