Сарыағаш аудандық соты аудандық білім бөлімінің басшылары Б. Майриховқа, Н. Усипбековке, Д. Акатовқа және 8 бухгалтерге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар білім беру саласында нақты жұмыс істемеген адамдарға жалақы аудару арқылы 550 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған.
Акатов пен Майрихов 7 жылға, Усипбеков 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сол үкіммен бухгалтерлер бас бостандығынан айыру, шартты түрде бас бостандығынан айыру және бас бостандығын шектеу түріндегі түрлі жазаларға сотталды.
Бұдан басқа, сотталғандар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда лауазымдарды, сондай-ақ қаржы ұйымдарында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.