8 сәуірде Бейнеу ауданының Ақжігіт ауылында 11 сынып оқитын 17 жастағы бозбала жұмбақ жағдайда көз жұмған, деп жазады turkystan.kz.
Туған-туыстарына оның құлап қалып қайтыс болғанын айтқан. Алайда ағайыны оның кісі қолынан қаза тапқанына сенімді.
Құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ұсталған.
«Күдікті Қылмыстық – процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталды», - делінген баспасөз хабарламасында.
Қазір істі Маңғыстау облысының прокуратурасы бақылауда ұстап отыр.