10-сынып оқушысы шахматтан Азия чемпионы атанды

15 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: gov.kz

Қазақстандық оқушы Алдияр Аңсат шахматтан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алматы қаласында Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан мен Қазақстан елдерінің ең үздік шахматшылары жиналды.

Елорда әкімдігінің мәлметінше, Нью-Делиде өтетін әлем кубогына жолдама алу мақсатында ұйымдастырылған тартысты бәсекеде Астана қаласының Т.Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Алдияр Аңсат қатысып, абсолютті жеңімпаз атанды.

Он бес жастағы шахматшы енді Үндістанда өтетін әлемдік чемпионатқа қатысады.