Қазгидромет қай өңірде ауа сапасы нашарлайтынын жариялады

15 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Фото: freepik.com

 «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

— 2025 жылғы 15 сәуірде Көкшетау, Актөбе, Алматы қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.