Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде күн бұзылып, үсік жүретінін ескертті. Бұл туралы "Қазгидромет" хабарлады.
15 сәуірде күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ.: 15 сәуірде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, орталығында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күтіледі.
Жетісу облысының таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
Алматы облысында оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақытта найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с.
Павлодар облысында солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жанбыр), күндіз облыстың солтүтігінде, оңтүтігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүтігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысында солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. Ақтөбеде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15 м/с. Түнде облыстың шығысында 1 градус үсік күтіледі. Қарағандыда күндіз найзағай күтіледі.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Жезқазғанда күндіз найзағай күтіледі.
Қостанай облысының батысыңда, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысынла, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында 3 градус үсік күтіледі. Қостанайда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.