Астанада құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсамақ болған 2000 жылғы бойжеткенді құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Оқиға елорданың Нұра ауданы, Қайым Мұхамедханов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болды.
«Құтқарушылардың келіп жетуі бойынша 2000 жылы туған қыз бала 10 қабатты тұрғын үйдің 4-ші қабатында өз өзіне қол жұмсау мақсатында терезе жақтауында тұрғаны анықталды.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары бойжеткенмен әңгімелесіп, назарын аударды. Осы минуттарда құтқарушылар жедел түрде АИК-90 және «Өмір текшесін» орналастырды. Олар сондай-ақ, пәтерге кіріп, қызды терезеден ішке кіргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген ТЖМ хабарламасында.