«7 жыл заңсыз тұрдық»: Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов екеуінің неке куәлігін көрсетті

14 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
instagram

ҚР Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова саясаткер Заманбек Нұрқаділовпен қиылған заңды некесі туралы айтты.

Өнер иесі 27 жыл бұрынғы құжатты көрсетті.

«Зәкең үлкен той жасап, неке қиюға барамыз» дегенде: «Зәке, жақсы көрсеңіз асықпаңыз, әңгімеміз жараспай қалса дардай басыңызбен ажырасып жүресіз бе?! Бір-екі жыл бір-бірімізді тексерейік» деп келіспедім. Содан жеті жыл заңсыз тұрдық. 1998 жылдың 1 қазанында неке қиылды», – деп жазды әнші.

Сондай-ақ ол тегін ауыстыруға қатысты да сұраққа жауап берді.

«Әкем мені үлкен әнші боласың деп 3-сыныптан қалаға интернатқа оқуға әкелген  Сондықтан әкемнің тегін ауыстыру арман болған жоқ. Сосын Жүнісова болып, «Еңбек сіңірген әртіс» атағын алып қойғанмын», – деді эстрада жұлдызы.

Тэгтер:

Мақпал Жүнісова Заманбек Нұрқаділов неке куәлігі