Қазақстандық боксшы әке атанды

14 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
instagram.com/tashkenbay_sanzhar

Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай алғаш рет әке атанды, деп хабарлады turkystan.kz.

Қуанышты хабарды Ұлттық құраманың жас боксшысы Қайрат Ернұр мәлім етті.

«Әке болуыңмен, @tashkenbay_sanzhar», – деп жазды спортшы Instagram-дағы парақшасында.

Белгілі болғандай спортшының тұңғышы – ұл бала. Есімі Омар деп қойылған.

Еске сала кетейік, әлем чемпионы 2023 жылы шілдеде отбасын құрған болатын.

Тэгтер:

боксшы әке Санжар Тәшкенбай баласы