Пойыз билеттерін сату ережелеріне өзгеріс енгізіледі

14 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Көлік министрінің м.а. 2025 жылғы 11 сәуірдегі бұйрығымен теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне өзгерістер енгізді.

Барлық көрсетілген құжаттарды қағаз түрінде де, цифрлық құжат нысанында да цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынуға болады, деп хабарлады turkystan.kz.

Атап айтқанда, билеттер келесідей сатылады:

Мүгедектігі бар адамдардың жол жүруіне арналған мамандандырылған купеде орындарға билеттерді сату:

Бұл ретте билеттер рәсімделеді:

Билеттерді ресімдеу жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесінде (АБЖ), оның ішінде фискалдандырылған компьютерлік жүйеде, сондай-ақ диспетчерлік терминалдың (ДТМ), өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдарының, интернет ресурстардың көмегімен жолаушы құжаттарының бірінің негізінде және электрондық жол жүру құжатын бере отырып, жолаушы немесе қала маңы поезының жолсерігі ККМ арқылы жүргізіледі.

Теміржол билет кассалары, жолаушылар агенттіктері, электрондық терминалдар және интернет-ресурстар арқылы қала маңындағы поездарға билеттерді ресімдеу кезінде жолаушының деректерін көрсету қажет: жолаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН, құжаттарының бірінің нөмірі.

Билетті сатып алу үшін сізге жолаушының жеке басын куәландыратын келесі құжаттардың бірі қажет:

Бұл ретте бұрын билетті уақытша жеке куәлік негізінде сатып алуға болатын еді, енді бұл мүмкіндік алынып тасталды.

Жеңілдікті немесе тегін билетті ресімдеу үшін жеңілдіктерге немесе тегін жол жүруге құқық беретін құжатты көрсету қажет.

Аталған бұйрық 2025 жылдың 22 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Тэгтер:

Пойыз билеттері өзгеріс ереже