Алматыда тыйым салынған діни әдебиеттер тәркіленді

14 сәуір, 2025 / Алуа Арман
polisia.kz

Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  тыйым салынған діни бірлестік өкілдерінің қылмыстық әрекетінің жолын кесу мақсатында Алматыда арнайы іс-шара жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бір топ адамдар заңға қайшы әрекет жасап, тұрақты түрде кездесулер ұйымдастырып, діни әдебиеттерді, соның ішінде цифрлық ақпарат құралдарында материалдарды таратқаны белгілі болды.

Жедел іс-шаралар барысында заңсыз әрекетті ұйымдастырушы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тыйым салынған бірлестікті ұйымдастыру және оның қызметіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

 

Тэгтер:

экстремизм діни әдебиет діни бірлестік