Алматыда 21 қабатты тұрғын үй өртенді

14 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Алматының Бостандық ауданындағы 21 қабатты тұрғын үй кешенінде пәтерден өрт шықты.

«14 сәуірде сағат 11:02-де Гагарин даңғылы, 133Б мекенжайына жіберілген Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің күш-құралдары 14-қабаттағы пәтердің балконында, шамамен 5 шаршы метр аумақта тұрмыстық заттардан шыққан өртті тез арада оқшаулады», - деді ведомство өкілдері.

Өрт сағат 11:20-да толығымен сөндірілген. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

«Өрт сөндірушілер келгенге дейін ішкі өрт сөндіру кранынан саптаманы енгізген қауіпсіздік қызметінің іс-қимылын ескеру қажет. Өрт сөндіру техникасына тар көшеге қойылған жеке көліктер кедергі келтіргенін атап өткен жөн», - деп хабарлады департамент өкілдері.

Тэгтер:

Алматы өрт Тұрғын үй