АҚШ Президенті Дональд Трамп смартфондар мен ноутбуктерге салынған 145%-дық кедендік баж салығын алып тастады. Бұл туралы Bloomberg хабарлады.
АҚШ Кеден және шекара қызметі жұма күні кешке жариялаған құжатқа сәйкес, енді Қытай мен басқа да елдерден әкелінетін смартфондар, ноутбуктер, процессорлар мен жад чиптері, сондай-ақ жалпақ дисплейлерге қосымша баж салығы салынбайды.
Бұл шешім Apple, Nvidia сынды жаһандық технологиялық алпауыттар үшін үлкен жеңілдік саналады. Сарапшылардың айтуынша, аталған тауарлар АҚШ-та өндірілмейтін болғандықтан, мұндай жеңілдік электроника бағасының күрт өсуінің алдын алады.
Бұған дейін енгізілген тарифтерге сәйкес, Қытайдан жеткізілетін өнімдерге – 125%, ал қалған елдерге 10% баж салығы қарастырылған еді. Енді бұл ереже смартфондар мен компьютер техникаларына жүрмейді.