Дүйсенбіден қорқасыз ба?: Сарапшылар жұмыстан кету керек екенін білдіретін 6 белгіні атады

14 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат

Business Insider сарапшылары жұмыстан кетуге толықтай негіз бола алатын 6 белгіні атады.

Тексеріп көріңіз:

  1. Үйге шаршап-шалдығып келесіз
  2. Әр жексенбі сайын жаңа жұмыс аптасының алдында шағын "күйзеліске" түсесіз
  3. Айлық тек ең қажет дүниелерге ғана жетеді
  4. Өсу жоқ: бірсарынды тапсырмалар, дамуға мүмкіндік болмайды
  5. Өміріңіз өзгергенімен, жұмыс соған бейімделуге мүмкіндік бермейді
  6. Еңбегіңіз бағаланбайды, ешкім елемейді

Егер бұл тізімнен кем дегенде үшеуін байқасаңыз,  түйіндемеңізді жаңартып, жаңа жұмыс іздеуді бастайтын кез келгені анық. Егер барлық 6 белгі сәйкес келсе, бұл сіздің қазіргі жұмысыңыздан кету қажет екенінің айқын белгісі дейді мамандар.

Дегенмен, жұмыс ауыстырап алдында тәуекелді жан-жақты ескеріп, жеті өлшеп бір рет кескен жөн.

Тэгтер:

жұмыс Бос жұмыс белгі жұмыстан кету жұмыс ауыстыру жаңа жұмыс дүйсенбі жұмыстан шаршау жұмыстан қажу қажу