Жүздеген филиппиндік жауап беріп отырған: Нейрожелінің артында адам күші тұрғаны анықталды

14 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

АҚШ-та жасанды интеллект ретінде жарнамаланған Nate бағдарламасы шын мәнінде адам еңбегіне негізделгені белгілі болды.

Теория жүзінде бұл нейрожелі кез келген интернет-дүкендегі тауарды (мысалы, кроссовканы) бір түйме арқылы сатып алуға мүмкіндік береді: қолданушы «сатып алу» батырмасын басады, ал нейрожелі барлық қажет деректерді – жеткізу мекенжайын, банк картасының нөмірін өзі автоматты түрде толтырып, тапсырысты рәсімдейді.

Алайда, шын мәнінде, Nate пайдаланушының сұраныстарын жасанды интеллектке емес, Филиппиндегі колл-орталыққа жіберіп отырған. Ондағы қызметкерлер тапсырысты қолдан, яғни өз қолымен толтырып отырған, тұтынушының аты-жөні, мекенжайы мен төлем деректері қолмен енгізілген.

Стартаптың негізін қалаушы инвесторлардан 50 миллион доллар инвестиция тартып үлгерген. Бірақ жобаның ішкі жүйесі «ақылды» нейрожелі емес, кәдімгі пернетақта алдында отырған адамдардан тұрған.

Қазір АҚШ Әділет министрлігі бұл іске қатысты алаяқтық дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Тэгтер:

АҚШ алаяқтық адам Филиппин ЖИ нейрожелі адам күші адам еңбегі Nate