АҚШ-та өткен кәсіпқой бокс кешінде өзбекстандық Шахрам Гиясов (17-0, 10 КО) аргентиналық Франко Максимилиано Окампоны (17-3, 8 КО) нокаутпен жеңіп, жан тебірентерлік жеңісін өмірден өткен қызына арнады, деп хабарлайды penalty.kz.
Рингтегі көз жасы: “Бұл жеңіс – қызым үшін”
Атлантик-Сити қаласында өткен айқаста Гиясов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, жекпе-жек аяқталған сәтте эмоциясын жасыра алмай, рингтің ортасында көз жасына ерік берді. Оның айтуынша, бұл жеңісті ол биыл наурыз айында қайтыс болған екі жасар қызына арнаған.
«Бұл жекпе-жек – менің қызыма арналады. Бұл жеңіс – қызым үшін. Мен оған әлем чемпионы боламын деп уәде берген едім», – деді Гиясов көзіне жас алып.
Ғиясовтың спорттық жолы мен естелігі
30 жастағы Шахрам Гиясов – кәсіпқой рингте жеңіліс көрмеген боксшы. Бұл оның 17-ші жеңісі болды. Бұған дейін, 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс жүлде иеленіп, финалда қазақстандық Данияр Елеусіновке жол берген болатын.