Қытайдағы әншілер додасының аңдатпасы жарияланды

Қытайдағы әншілер додасының аңдатпасы жарияланды

Қытайдағы әншілер додасының аңдатпасы жарияланды
ашық дереккөзі
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген қатысып жатқан Қытайдың «Singer 2017» ән додасының жартылай финалдық кезеңінің аңдатпасы жарияланды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, Димаш жартылай финалда италиялық әнші Адриано Челентаноның «Confessa» әнін орындады. Жартылай финалдың түсірілім жұмыстары 30 наурыз күні болып өтті. Бұл кезеңде жалпы 10 әнші өнер көрсетіп, оның сегізі финалға жолдама алды. Пэн Джияхуэй және Ду Лиша (Teresa Carpio) соңғы шешуші кезеңге өте алмады. «Singer 2017» ән додасының финалистері: 1. Димаш Құдайберген 2. Лин Илиан (Sandy Lam) 3. Lion тобы 4. Линь Чжисюань 5. Ли Цзянь 6. Чжан Цзе 7. Чжан Бичэн 8. Юуань Явей (Tia Ray) Еске сала кетейік, байқаудың жартылай финалы 8 сәуір күні эфирге шығады. Ал ең соңғы шешуші бәсекесі 15 сәуір күні өтеді. Қытайлық Hunan TV және Хабар телеарнасы ақтық бәсекені тікелей эфирде көрсететін болады.   https://www.youtube.com/watch?v=NSyc6eEpql4