Есірткі бизнесіне қарсы күрес

11 сәуір, 2025 / Túrkіstan International Political Weekly
сурет: istockphoto.com

Мемлекет басшысы психотропты заттардың айналымы, есірткі саудасына қатысты толықтырулар енгізілген заңға қол қойған соң талап күшейе түсті. Бұл бойынша Түркістан облысындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде.

Өткен жылдан бері Түркістан облысында құқық қорғау органдары жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 5 заңсыз өндіріс орны анықталып, 1 100 литр химиялық заттар тәркіленген. 3 ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп, олардан заңсыз тасымалдау және өткізу бойынша айғақтар табылды. 
Облыста есірткі айналымына қатысты 114 дерек анықталып, 69 келі есірткі заттары тәркіленіп, жойылған. Ал әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында «Киберқадағалау» ақпараттық жүйесіне енгізілген синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 290 сайттың жұмысы тоқтатылған. 

Тэгтер:

Есірткі есірткі бизнесі