Әскери шеруге дайындық басталды

11 сәуір, 2025 / Túrkіstan International Political Weekly
сурет: istockphoto.com

Аталған іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығы үшін жасалады. Сондықтан Ақжол, Қарашығанақ, Бұйрат көшелерінде көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілетін болады. Осыған орай: 
– Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұрайды.
Жаттығу аяқталған соң қозғалыс қалпына келтіріледі.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқан­дарыңыз үшін алғыс айтамыз, – деп мәлімдеме берген Қорғаныс министрлігі.

Тэгтер:

әскери шеру дайындық