"Петфлюенсерлер": Ит-мысықты жарнамаға түсіру арқылы тауар сату оңайырақ

11 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Инфлюенсер ретінде жануарлар адамдарға қарағанда табысты. Оларға көбірек сенім артады, олар арқылы тауарды сату оңайырақ. Бұл туралы жаңа зерттеу нәтижесінде белгілі болды.

Бүгінде «инфлюенсерлер дәуірінде» брендтер маркетинг бюджетінің қомақты бөлігін әлеуметтік желідегі танымал тұлғаларға (SMI) жұмсап, олардың «сиқырлы әсерінен» пайда күтеді (Richardson 2022; Siu 2021). 2023 жылы бұл салаға құйылған қаражат $30,8 млрд-қа жетсе, 2024 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш $35,1 млрд болады деп күтілуде. Ал алдағы бес жыл ішінде нарық көлемі $56,3 млрд-қа дейін өседі (Statista 2024).

Әлеуметтік желі инфлюенсерлері (SMI) – әлеуметтік желіде көп жазылушысы бар, контент жасап, оны брендтер үшін жарнама ретінде ұсынатын адамдар (Campbell & Grimm 2019; Voorveld 2019). Олар сенімді болуымен ерекшеленеді, себебі көпшілік оларды достарындай қабылдайды (Swant 2016).

Алайда жарнамалық жазбалар саны артып жатқанына қарамастан, инфлюенсерлердің шынайылығы жөніндегі пікірлер керісінше төмендеп келеді. Бұл құбылыс «инфлюенсерге шаршау» (influencer fatigue) деп аталады (AlRabiah және басқалар 2022; Casey 2020; Smith 2017).

Осы мәселені шешудің бір жолы – үй жануарлары инфлюенсері, яғни «петфлюенсерлер». Олар шынайы әрі сенімді әсер қалдырып, аудиторияның көңілінен шыға алады.

Мысалы, жарнамадағы ит адамның қатысуымен жасалған дәл сондай жарнамаға қарағанда 66%-ға артық лайк пен басылым жинаған. Сонымен қатар, бұл жарнама брендке үш есе арзанға түскен. Ал мысық қатысқан жарнамада адамдар жарнамаланған тауар үшін 43%-ға көбірек ақша төлеуге дайын болған.

Мамандардың айтуынша, мысықтар мен иттер жарнамада адамдарға қарағанда сенім ұялатады. Олардан жасырын ниет күтпейсің, сондықтан олар шынайырақ көрінеді.

Тэгтер:

сату мысық ит табыс жарнама пайда тиімді тауар сату ит-мысық