Крикет, сквош: 2028 жылы өтетін Олимпиада ойындарына жаңа спорт түрлері қосылды

11 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Коллаж: Turkystan.kz

Халықаралық Олимпиадалық комитетінің Атқарушы комитеті Лос-Анжелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада ойындарының жарыс бағдарламасы мен спортшыларға арналған жолдама санын бекітті, деп хабарлады turkystan.kz.

2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына 351 дисциплина енді. Бұл 2024 жылғы Париж Олимпиадасымен салыстырғанда 22-ге артық.

Сондай-ақ 5 жаңа спорт түрі қосылады:

2028 жылғы Олимпиада бағдарламасын қалыптастыру кезінде халықаралық федерациялардың өтінімдері мен 2023 жылы ХОК бекіткен қағидалар негізінде комиссияның ұсыныстары ескерілді. Бұл қағидалар қатарына гендерлік теңдік, көрермен үшін тартымдылық, шығындарды бақылау және спортшылардың жеке мүддесіне басымдық беру жатады.

Боксқа тағы бір әйелдер арасында салмақ дәрежесі қосылды. Бұл ерлер мен әйелдер арасындағы медальдық дисциплиналар мен жолдамалар санын теңестірді. Қазіргі таңда медальдар төмендегі салмақ дәрежелерінде сарапқа салынды:

Ерлер: 55 келіге дейін, 60 келі, 35 келі, 70 келі, 80 келі, 90 келі және 90 келіден жоғары.

Әйелдер: 51 келіге дейін, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 70 келі және 75 келі.

Тэгтер:

Олимпиада Лос-Анджелес Крикет Сквош