Алматы облысында 3 адам мінген көлік суда қалып қойған

11 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Өзеннің ортасында тұрып қалған көліктен үш адам құтқарылды, деп хабарлады turkystan.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Оқиға Алматы облысының Кеген ауданында Ерсу ауылының маңында болған. Өзенді кесіп өтпек болған жеңіл көлік суда қалып қойған.

«Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері дереу жетіп, суға батқан көліктен 3 адамды эвакуациялады», - деп жазылған хабарламада.

Оларға медициналық көмек қажет болмады.

Тэгтер:

Алматы облысы көлік өзен