Талғар ауданының білім бөлімі 83 мұғалімнің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты төлемдерін заңсыз ұстаған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Олар заң бойынша мұндай төлемдерден босатылған.
Олардың арасында көпбалалы аналар, мүгедектер, магистратура және докторантура студенттері бар.
Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде мұғалімдердің құқықтары қорғалып, ұсталған сомалар толық көлемде қайтарылды.