Солтүстік Қазақстан және Қостанай облысында жол жабылды

11 сәуір, 2025 / Админ
pixabay.com

2025 жылғы 11 сәуір сағат 08:30-де су тасқыны кезінде пайда болған ақауларды жою үшін келесі республикалық автожолдарда жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды:

Солтүстік Қазақстан облысы:

- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 729-768 шақырым аралығындағы учаскесі (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін).

Қостанай облысы:

- "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы" автожолының 686-729 шақырым аралығындағы учаскесі (Сарыкөл ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Балама жолдар: KZ15-08 «Тимирязево-Сарыкөл облыс шекарасы», KZ15-05«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево», KАZ18 «Мамлютка – Костанай».

Жолды 2025 жылғы 12 сәуір сағат 12:00-де ашу жоспарланған.

Тэгтер:

Тас жол трасса