Бүгін қай өңірде ауа сапасы нашарлайды

11 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін Қазақстанның үш қаласында жайсыз метеорологиядық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

2025 жылдың 11 сәуірінде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар мен ауаның ластануы Қарағанды, Өскемен, Алматы қалаларында күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.