Көкшетауда тұрғын үйдің терезесінен құлаған 5 жастағы бала көз жұмды

10 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы

Бүгін шамамен 20:00-де Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің 6-қабатындағы терезеден құлап кеткен 5 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлады turkystan.kz.

Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алдын ала болжам бойынша, бала терезе алдында ойнап жүріп, москит торын итеріп жіберген.

Ақмола облысының тәртіп сақшылары ата-аналарға тағы да балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және терезелерге арнайы құлыптар орнатуды ескертті.

Тэгтер:

Бала сәби ата-ана Көз жұмды Көкшетау Ақмола терезеден құлады