Әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында дүркіретіп атап өткен туған күнінде ең қымбат сыйлықты кім жасағанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz порталы azattyq-ruhy.kz сайтына сілтеме жасап.
«Туған күнімдегі ең қымбат сый тарту – гүл қызымның ән шашуы болды. Осы күнді ерекше күтті өзі. Кішкентай жүрегі лүпілдеп, мені қуантқысы келгенін сезу қандай ғанибет», - деп жазды әнші.
Оның айтуынша Аялаға Ұлжан апасы бір күнде әдемі көйлек тігіп берген, небары үш күн ішінде биді де үйреніп алыпты.