Ақмола облысында су тасқынына қарсы шара қабылдамаған аудан әкімі сөгіс алды

10 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
aqmola_region

Ақмола облысында су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамаған аудан әкімі қатаң сөгіс алды, деп хабарлады turkystan.kz.

Облыс әкімдігі мәліметінше, Бұланды ауданының әкіміне су тасқынына қарсы шараларды уақытылы қабылдамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланған.

«Ақмола облысы әкімінің өкімімен қызметтік міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін, яғни Бұланды ауданында су тасқынына қарсы шараларды уақытылы қабылдамағаны үшін аудан әкімі А.Д. Смайыловқа қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар,  Степногорск қаласын абаттандыру жұмыстары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тиісті деңгейде қадағаламағаны үшін қала әкімі Гайдар Қасеновке сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

Тэгтер:

Ақмола облысы аудан әкімі су тасқыны Бұланды ауданы