eGov Mobile қосымшасында тағы бір жаңа қызмет қолжетімді болды

10 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
gov.kz

Енді шетелдік дипломдарды тану eGov Mobile қосымшасында қолжетімді, деп хабарлады turkystan.kz.

«ҰАТ» АҚ-ның 2025 жылғы 10 сәуірдегі мәліметіне сүйенсек, eGov Mobile қосымшасында шетелде алынған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды тану қызметі қолжетімді.

«Қызмет шетелдік жоғары оқу орындарының түлектеріне Қазақстанда жұмысқа орналасу немесе оқуын жалғастыру үшін дипломын ресми түрде растауға мүмкіндік береді»,- делінген ақпаратта.

Бұрын бұл процесс жеке өтініш пен қағаз құжаттарды жинауды талап ететін, ал бүгінде қызмет онлайн режимде қолжетімді. Бұл өтінімді қарау мерзімін қысқартады және қызметті пайдаланушыларға ыңғайлы етеді.

Қызметті пайдалану үшін:

«Қызмет нәтижесінде пайдаланушы дипломды тану туралы электрондық құжатты немесе заңда көрсетілген негіздер бойынша дәлелді жауап алады», – «ҰАТ» АҚ хабарламасында

Тэгтер:

eGov Mobile қызмет Шетелдік диплом