Солтүстік Қазақстанда сарайдан жасөспірімнің мәйіті табылды

10 сәуір, 2025 / Админ
pixabay.com

9 сәуір күні Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданының Никольско-Бурлукское ауылында жекеменшік тұрғын үйдің сарайынан жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын-ала ақпарат бойынша кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншек суицид жасаған.

«Алдын-ала дерек бойынша ол суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр», - деді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті.

Жасөспірімнің жасы 14-те болған.

Тэгтер:

Жасөспірім суицид Солтүстік Қазақстан