Ақтау қалалық сотының бұрынғы басшысы 9 жылға сотталды

10 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Ақтау қалалық сотының бұрынғы төрағасы Бауыржан Шайдуллинге үкім шықты. Ол пара беріп, алаяқтық жасады деп айыпталды. Шайдуллин 20 миллион теңгеге сотталушыға үкімді жеңілдетуге уәде берген.

Оған қатысты сот төрт айға созылды. Бастапқыда бұл істі Ақтау қалалық соты қарап, кейін Мұнайлы аудандық сотына берілген. 

«Бүгін Мұнайлы аудандық сотында Бауыржан Шайдуллинге қатысты іске нүкте қойылды. Оған тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның серіктесі - сот орындаушысы Ринат Жанахметов 8 жылға сотталды. Бұрынғы судьядан мемлекет кірісіне оның банк ұяшығынан табылған 16 миллион теңге тәркіленді.

Ал, жәбірленушілердің сотталушылардан 1 миллион теңге талап еткен талап арызын сот қараусыз қалдырды», - делінген хабарламада. 

Бұған дейін, Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталған сәттің видеосы жарияланған болатын.

Тэгтер:

Ақтау қалалық соты басшысы