Қазақстандық екі жігіт Америкадан есірткі тасымалдаған

10 сәуір, 2025 / Админ
istockphoto.com

Алматы қаласының прокурорлары iрi мөлшерде есiрткi заттарын контрабандалау фактiсi бойынша сотқа дейiнгi тергеп-тексерудi аяқтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

2024 жылы тамызда Қазақстан Республикасының екі азаматы Америка Құрама Штаттарынан Алматыға есірткі құралы – марихуана салынған сәлемдемелерді жеткізуді ұйымдастырған7

Күдіктілердің бірі ақшалай сыйақы үшін халықаралық жөнелтілімді рәсімдеу үшін өзінің және жұбайының сауалнамалық деректерін ұсынған.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде «Жетісу» кеден бекетінен марихуана салынған сәлемдемелер тәркіленді. Олар іс бойынша заттай дәлелдемелер деп танылды.

Тергеу және жедел-іздестіру іс-шараларының кешені, сондай-ақ сот сараптамаларының нәтижелері, іс бойынша айыпталушылардың құқыққа қарсы қызметін растады.

Күдіктілер ұсталды. Оларға есірткі заттарын контрабандалағаны және оларды сатуға оқталғаны үшін жауаптылықты көздейтін баптар бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотына жолданды.

 

Тэгтер:

Есірткі марихуана