Жаңалықтар

Санкт-Петерборда үш қаралы күн жарияланды

ашық дереккөзі

Санкт-Петерборда үш қаралы күн жарияланды

Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченко қаладағы метрода орын алған жарылыстан кейін, үш тәулікті қаралы күн етіп жариялады деп, хабарлайды Today.kz. «НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР: Санкт-Петербург губернаторы Георгий Полтавченконың үкімімен ертеңнен бастап, қалада үш тәулік қаралы күн болып жарияланады»,-деп жазды өзінің Twitter-аккаунтында Санкт-Петербург губернаторының баспасөз хатшысы Андрей Кибитов. Санкт-Петербургтегі жарылыс 3 сәуірде Санкт-Петербург метросында жарылыс болды. Қайғылы оқиға «Технологиялық институт» пен «Сенная алаңы» бекеттері аралығында орын алды. Ресейдің Бас Прокуратурасы Санкт-Петербург метросында жарылысты теракт деп бағалады. Жарылыс салдарынан 47 адам зардап шегіп, оның 39-ы ауруханаға жатқызылды. Арасында 15 жасар қыз бар. Бейнебақылау камералары жарылысты ұйымдастыруы мүмкін деген адамды түсіріп қалған.