Қорғаныс министрлігі Астана тұрғындарына үндеу жариялады

10 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Қорғаныс министрлігі

10-30 сәуір аралығында дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері күннің бірінші жартысында Индустриалды қала Астанада әскери техниканың қатысуымен оқу-жаттығу шаралары өтеді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, аталған іс-шаралар Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шерудің дайындығына арналған.

Осыған байланысты, Қорғаныс министрлігі түсіндіргендей, келесі көшелерде көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі:

Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындары мен қонақтарының назарын мынаған аударды:

«Жол қозғалысын ұйымдастырудағы өзгерістерді ескере отырып, бағдарларды алдын ала жоспарлауды ұсынамыз. Сонымен бірге жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындауды сұраймыз», - делінген Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Қаңтардың 3-і күні «Ана тілі» газетіне берген көлемді сұхбатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу 2025 жылдың мемлекеттік күн тәртібінде маңызды орын алатынын айтты. Атап айтқанда, президент Астанада әскери парад өтетінін жариялады.

Кейін 7 мамырда Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтетіні, оған 4,5 мың адам қатысатыны белгілі болды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылдан бері әскери шерулер өткізілмеген.

Тэгтер:

Астана Қорғаныс министрлігі парад