Атырау облысында жер сілкінісі болды

10 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Атырау облысында жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметінше, жер асты дүмпуі 10 сәуір күні Астана уақытымен сағат 01:40-та тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Құлсары қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 120 шақырым жерде болды.  Магнитудасы – 4.3.

Тэгтер:

Атырау облысы Жер сілкінісі Құлсары