Нұрлан имам 39-дағы қызға тез арада тұрмысқа шығуға кеңес берді

10 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде оқырмандардың сауалына жауап берген Нұрлан имам 39 жастағы тұрмысқа шықпаған қызға кеңес берді, деп хабарлайды

Желі қолданушыларының бірі тікелей эфирде имамға "39 жастағы қыз орнын таба ма? Оқуға қызығып, жанұя құру әзірге ойымда жоқ. Бірақ жігіт қажет екенін түсінемін" деп сауал жолдаған.

«Сенің шамың күюге жақын тұр. Сен күйеуге шық. Ашық түрде «менің тез арада тұрмысқа шығуым керек, жақсы жар боламын» деп жарияла. Мұнда қазір біраз жігіт отыр. Қазір саған жазады, аккаунтыңа әдемі суреттеріңді қойып қой. Болды, кеттің, Құдай қаласа», - деп жауап берді Нұрлан имам.